12 маусым - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев бір күн бұрын, 11 маусымда қол қойды.
"Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту жариялансын", - делінген Жарлықта. Бүкіл ел бойынша, соның ішінде елдегі ең үлкен мемлекеттік ту түсіріледі.