Мерекелерге, күнтізбелік күнге және тәулік уақытына қарамастан, дәл қазір көмек пен қолдау қажет жағдайлар бар! Кеңесші психолог көмегіне жүгіну -реніш, кінә және мазасыздықтың ауыр жүктемесінен құтылудың алғашқы қадамы. Бұл ішіңіздегіні сыртқа шығаруға, жағдайды басқа тұсынан қарауға, шиеленісті болдырмауға , мәселені шешудің жолын табуға мүмкіндік және қол жетімді әдісі.
Психологиялық көмек телефонына жүгінген жағдайда сізге анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік береді.
* кеңесші психологтар сіздің сыртқы келбетіңізді көрмейді;
* телефон нөміріңізді және сіз қоңырау шалып отырған орынды біле алмайды, себебі нөмірлер анықталмаған;
* олар сіз туралы тек сіздің сөздеріңізден біледі, өзіңізді кез-келген атпен таныстыра аласыз;
* ата-анаңыз, мектебіңіз, достарыңыз туралы ақпарат сұрамайды;
* ақпаратты үшінші тұлғаларға, әлеуметтік қызметтерге бермейді. Қоңыраулар жазылмайды немесе тыңдалмайды;
*мамандар ауысады, егер сіз бірнеше рет қоңырау шалсаңыз, сіз әртүрлі адамдармен сөйлесесіз.
Психологиялық көмек телефоны балаларға, жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына қол жетімді: 88000808150