🏫 «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған Шымкент қаласындағы №141 мектеп 2400 оқушы орнына арналған. Мұнда 3 шеберхана, 4 заманауи зертхана, 2 спорт залы, асхана және кітапхана қарастырылған. Мектеп ауласында 4 ойын алаңы бар: футбол, волейбол, теннис және баскетбол.